Қор туралы

Біз мұқтаж отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық мекеме болып табыламыз. Қор 2012 жылы Ақтау қаласында құрылған.

Қордың мақсаттары:

  • қоғамның, әсіресе, жастардың саналы және салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлес қосу
  • әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыру
  • қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Қордың міндеттері:

  • ауруларды ерте кезеңде анықтау және олардың асқынуын тоқтатуға бағытталған ауыл тұрғындарын қозғалмалы медициналық тексеруден өткізу
  • қала және ауыл тұрғындарының ішінде жағдайы төмен отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсету
  • сапалы білім алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға білім алу үшін қолдау көрсету.

Қордың негізін салушылары:

  • Әкім Қуанышбек
  • Дәулетов Жалғас

 

Құрылтайшы құжаттар