Төлем жолы
Қайырымдылық соммасы
Төлем түрі
Төлемнің мақсаты
Байланыс мәліметтері
Реквизит для перечисления пожертвований
«Атадан мирас» қоғамдық қоры
БИН: 111140000573
Банк: АО «Халық банк»
ИИК: KZ756017231000004546
БИК: HSBKKZKX
КНП: 119
Кбе: 18
Төлемнің мақсаты: қайырымдылық көмек
Игі іске атсалысуға ниетті жандарға қор қызметкерлері немесе еріктілер «Мейірім Конвертін» таратады. Конверттің ішінде мұқтаждығымыздың (ақша жинау себебіміздің) сипаттамасы түсіндіріледі. Сіз мүмкіндігіңізге қарай дұрыс деп тапқан мөлшердегі қаражатты конвертке салып, жапсырып, конвертті берген адамға қайтарасыз.
Еріктілер конверттерді қор кеңсесіне алып келгеннен кейін қор комиссиясы арнайы белгіленген күні конверттерді ашып, конверт нөмірлеріне сәйкес жиналған қаражатты арнайы журналға тіркейді. Жиналған сома «Атадан Мирас» қоғамдық қоры есеп шотына аударылады. Қор жобамыздың әр кезеңін сайтымызда жариялап, іске асыру барысын қадағалайды.
Жобамызды алаяқтардан қалай қорғаймыз?: Барлық кіріс-шығыс «Мейірім Конверттері» қорымыздың кеңсесінде қатаң тіркеуде болады. Әрбір конвертте жеке нөмірі (бұл номер арнайы талонымызда да болады) және қордың көк мөрі болады. «Мейірім Конвертін» тарататын адамдарға біз толық сенеміз. Егер қандайда бір күмәніңіз болса бізге қоңырау шалып, конвертіңіздің нөмерін айтып, қанша ақша келгенін біле аласыз. Конверттерді ашу кезіне қатысуға сіз ерікті бола аласыз.