Қорымыздың жыл сайынғы тамыз айында өтетін «Мектепке жол» жобасы биылғы жылы да жалғасын таппақ, «Ел болашағы-білімді жастарда» демекші, балаларымыздың білім алуы өте маңызды. «Мектепке жол» шарасы 6 жылдан бері өткізіліп келеді, осы жылы  бұл жоба аясында, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларынан шыққан 455 оқушыға қажетті сөмке мен құрал-жабдықтарды тарату жоспарланды. 1 сөмке бағасы – 15000 теңгені құрайды.

Кейбір отбасыларға мектепке дайындалу жыл сайынғы жай ғана қарбалас болса, кейбір отбасы үшін үлкен уайым. Сондықтан, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларындағы оқушыларды құрал-жабдықпен қамту қажет-ақ. Қордың негізгі мақсатының бірі- балалардың жарқын болашағына бірге ат салысуға үндеу салу. Баршаңызды осы шараға шақырамыз!